Суббота, 05.10.2024, 08:06
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Ожанова Загира

Әлеуметтік сілтеме
Сауалнама
Менің сайтыма бере бағаңыз:
Всего ответов: 25
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл » Мәдени шаралар

Жалпы ақпарат

Бүгінгі күні Алматы облысында мемлекеттік жүйеге қарасты 227 мәдениет үйлері мен клубтар, 249 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Достық үйі», «Алатау әуендері» МКҚК-дары, облыстық халық шығармашылығы орталығы және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары халыққа қызмет етеді.
2010 жылы 1 ауылдық клуб ашылып, мекеменің жалпы саны 224 болса, 2011 жылдың басынан 3 мәдениет үйлері (Кербұлақ ауданы Басши ауылы, Көксу ауданы Ақтекше ауылы, Райымбек ауданы Саты ауылы) ашылып, жалпы саны 227-ге жетті.
Сонымен қатар, Панфилов ауданында «Жауынгерлік Даңқ мұражайы», «Алатау әуендері» МКҚК мекемелері және Ақсу, Іле, Райымбек аудандарында халық театрлары 15 штаттық бірліктермен ашылып, облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Жыл басынан облыс көлемінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық әншілер байқауы, Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған облыстық жыршы-термешілер байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Мамыр айында Ақсу ауданының 80 жылдығына байланысты «Біржанның інілері-Сараның сіңілдері» атты Көкше мен Жетісу ақындарының айтысы, Талдықорған қаласында М.Төлебаев атындағы Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар байқауы өткізіліп, оған республикамызға танымал дирижерлар қатысты.
Маусым айында жыр алыбы Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында бастау алып, Сарыжазық жайлауындағы шопандар тойында ақтық айтыспен аяқталды. Бұл айтысқа республикамызға танымал 22 айтыскер ақын қатысып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Екінші жартыжылдықта арнайы бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табуда. Шілде айында ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдығына орай, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында облыс көлемінде жоспарлы түрде жұмыстар жасалуда. Бекітілген жоспар бойынша биылғы жылдың әр айы, әрбір күні белгіленген атаумен аталып, мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішінде, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында облыста дәстүрлі түрде өткізілетін аудандар мен қалалардың Мәдениет күндері, Астана қаласында күз мезгілінде өткізілетін Алматы облысының мәдениет күндері, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай кітаптар, көрнекі құралдар, имидждік материалдарды шығару жұмыстары қолға алынды.
Кітапханалар. 2011 жылы Облыс бойынша 21 ауылдық кітапхана ашылып, кітапханалар саны 249-ға жетті. Сондай-ақ 3 модельді ауыл кітапханасының (Қызылағаш, Ақши, Ұзынағаш) тұсаукесері өтіп, модельді кітапханалар саны 8 болды.
Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2011 жылдың І жартыжылдығында 14 437 мың. теңге қаржы бөлініп, кітап қоры толықтырылуда.
Облыс кітапханаларында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Азиада ойындарының Қазақстанда өтуі, ақын Ж.Жабаевтың туғанына 165 жыл, М.Мақатаевтың туғанына 80 жылдығына байланысты мәдени шаралар өткізу арқылы облыс кітапханашылары мерекелер мен мерейтой иелеріне оқырмандардың белсенділігін арттырумен қатар кітапхана мәртебесін көтеруде басымдық танытты.
С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми-талдау орталығы мамандарымен бірлескен «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік » атты 3 күндік семинар-тренинг өтті.
Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай « Өлең жырдың даңғылы, бар қазақтың Жамбылы», «Жүз жасаған байтерек», «Халық тағдырын жырлаған жыршы» атты көпшілік мәдени іс- шаралар барлық кітапханаларда өткізілді
«Қазақ жырының хан тәңірі», «Мұқағали дастан», «Мұқағали мұражайы» «Мұқағали өлеңіндей бұл дала», « Поэзия сен менімен егіз бе, едің?», «Ақиық ақын ғұмыр бойы халық есінде » атты тақырыптарда Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай барлық кітапханаларда көпшілік мәдени іс- шаралар өткізілді.
С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Виртуалды кеңістіктегі ақпараттық қызметтің барысы», Райымбек ауданында «Облыстық кітапханаларында өлкетану әдебиеттерін насихаттау арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты жылжымалы зерделі кеңестер, «Үздік заманауи кітап қоры» атты облыстық байқау өтеді.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына: «Тәуелсіз елдің кітапханалық идеясы-2011» облыстық байқау, «Шарықта елім, көкке сермеп қанатты, 20 жыл тәуелсіздік таңы атты» атты әдеби-сазды кеш, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған», «Жыр жұлдызы - Мұқағали», көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Д.А.Қонаев - ғасыр адамы», «Тұғыры биік тұлға», «Ұлтымыздың мақтанышы», «Өзі өнеге, өзі ғибрат», «Біртуар азамат» т.б. іс-шаралар барлық кітапханаларда өткізіледі.
Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры 35 жылдан астам уақыт кеңейген әлемімен, кемелденген өнерімен халыққа мінсіз қызмет етіп келеді.
Театр репетуарындағы 12 спектакльден құралған қойылым театр сахнасы мен аудан және ауылдардағы Мәдениет үйлерінде 48 рет қойылып, оған 6 509 көрермен қамтылды. Қойылымнан түскен қаржы 1 миллион 640 мың 200 теңгені құрады.
Ақпан айында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Білгің келсе зертте мені», «Есіңе мені алғайсың», «Сірә, мен өлмейтін шығармын» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімінде және «Жырлайды жүрек» байқауында Мұқағалидың ақындық-авторлық бейнесі сомдалған театрландырылған көрініс қойылды.Сондай-ақ, Жамбыл ауданында өткізілген Ж..Жабаевтың 165 жылдығына арналған мерекелік концертте « Менің пірім - Сүйінбай» атты театрландырылған қойылым сахналанды.
Наурыз тойы, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі, 6 мамырда Ақсу ауданының 80 жылдығы, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелерінде театр ұжымы паториоттық, достық мазмұнындағы театрландырылған көріністермен қатысты.
Наурыз айының 14 күні режиссер Ұ.Ахметов сахналаған балаларға арналған Б.Соқпақбаевтың «Тапқыр Қожанасыр» ертегісінің премьерасы өтті. «27 наурыз - Халқаралық театр күні» мерекесі құрметіне 25 наурыз күні Иран-Ғайыптың «Ана аманаты» спектаклі көрерменге тарту етіліп, қойылым соңынан театр қызметкерлерін төл мерекемен құттықтау және марапаттау салтанаты өтті. Сондай-ақ осы мереке қарсаңында театрымыздың артисі ҚР Жастар Одағының «Серпер» сыйлығының» иегері Жеңіс Жолдыбаев Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Еңлікгүл» сыйлығының үміткері» дипломымен, актриса Әсел Салықова жас қаламгерлерге арналған «Үркер» журналының ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Мамыр айының 18 жұлдызында Театр ХХХVI маусымын Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклімен жапты.Оған облыстық Мәдениет басқармасы мен бұқаралық ақпарат құралдары ның өкілдері қатысты.
Облыстық «Жетісу» телеарнасында «Өмір-өнер» айдарымен театр тағлымы жөнінде хабарлар эфирге таратылды.
Маусым айында Т.Әліпбайдың «Томирис» драмасын сахналау үшін Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театрының бас режиссері Ә.Хұсейін арнайы шақырылды. Биыл күз айларында қала, ауыл, аудандардан бастап Семей, Өскемен, Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларына гастрөлдік сапарға дайындалуда.
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 1973 жылы құрылды. 1990 жылы Сүйінбай Аронұлы аты берілді. 2002 жылы Алматы облысы орталығы Талдықорған қаласына ауыстырылуына орай, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайына қоныстандырылды. Бүгінгі таңда 219,5 штаттық бірлікпен 194 адам қызмет атқаруда.
Филармония құрамында:
1. М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі;
2. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі;
3. Этрада-симфониялық оркестрі;
4. «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі;
5. «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі;
6. «Қобыз сарыны» фольклорлық-этнографиялық ансамблі;
7. Дыбыс жазу студиясы;
8. Жеке дауыстағы әншілер;
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының ұжымы жыл басынан бері облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға белсене ат салысып, көпшілікке қызмет көрсетті.
Филармония әкімшілігі мен «Жетісу» телерадиокомпаниясымен бірлесіп дәстүрлі әншілер арасында тұңғыш рет «Ән керуені» теле-байқауы өтті.
22 сәуір күні Алматы қаласы Жамбыл филармониясының концерт залында ҚР «Мәдениет қайраткері», «Серпер» жастар сыйлығының иегері Өмірқұл Айниязовтың жеке шығармашылық концерті өтіп, оған «Сазген» ФЭ ансамблі, «Алтынай» МХБ ансамблі қатысып, қайтты.
Сонымен қатар, жарты жылдық бойынша аудандар мен қалаларға гострольдік іс-сапарлармен ақылы концерттер ұйымдастырылып, филармонияның есеп-шотына 1 миллион 85 мың теңге қаражат түсірілді.
28-маусым күні концерттік маусымның жабылуы барлық филармония әртістерінің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді.
Эстрадалық-үрмелі аспаптар және М.Төлебаев атындағы оркестрлерге жаңадан костюмдер тігілді.
«Құлансаз» ән-би ансамблі 67 штаттық бірліктермен «Алатау әуендері» атты жаңа шығармашылық ұйым болып құрылып, оған 158 млн 622 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар Ақсу, Райымбек, Іле аудандарына 15 штаттық бірліктермен халық театрлары ашылып автокөлік , сахналық киімдеріне 39 млн. 631 мың тенге бөлінді.
Музейлер
Үстіміздегі жылы 23 музейлер мен галереяларда 126 қызметкер жұмыс істейді, музейлердегі экспонаттар саны - 58854.
Бүгінгі күнге музейлер 1804 экскурсия, 365 лекция, 275 көрме ұйымдастырып оған 64 мыңнан астам көрермен қамтылды. Ақылы қызметтен 1,5 млн.нан астам қаржы түсірді.
Алматы облысының аумағында 1519 тарихи ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 262- археологиялық, оның 9 республикалық деңгейдегі, 1 әлемдік деңгейдегі, 7 табиғат ескерткіштері болып табылады.
Ескерткіштер. Алматы облысының аумағында 1519 тарихи ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 262- археологиялық, оның 9 республикалық деңгейдегі, 1 әлемдік деңгейдегі, 7 табиғат ескерткіштері болып табылады.
Алматы облыстық тарихи-мәдение мұраны қорғау орталығы мәдени мұраны сақтау және жандандыру, құжаттандыру бағытында шаралар атқаруда.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Талғар, Қойлық қалашығында, Есік және Түрген, Майбұлақ елдімекендеріндегі қорымдарға зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Алматы облысы ескерткіштерінің мемлекеттік жинағы» кітабын басып шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мереке қарсаңында белгілі қоғам қайраткері, ел мақтанышы Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай Талдықорған қаласында ескерткішін орнату жұмыстары атқарылуда.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай ел тарихын насихаттау мақсатында Украинада ақын ескерткішін орнату туралы ұсыныс жобасы Мәдениет министрлігінде қаралуда.
Қаржы. Облыстық мәдениет басқармасына 1миллиард 542 миллион 082 000мың теңге бөлінді, оның ішінде 11 мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қаржыландырылады, оған 2 объект қосылды ол Панфилов ауданындағы Жауынгерлік Данқ мұражайы 5,5 штатық бірлестігімен және «Алатау әуендері» МҚКК 67 штатық бірлестігімен .
-Аудандық, ауылдық мәдениет үйлеріне- 1 млн 497млн 159 мың теңге қаралды.
433- күрделі жұмыстарға - 106 млн 411 мың тенге,
413- материалдық базасын нығайтуға 92 млн,190 мың теңге
Аудандық кітапханаларға бөлінген қаржы көзі - 492 млн 127 мың теңгені құрды.
Алматы облыстық кітапханаға 2011жылға бөлінген қаржы көзі
-63 млн 525 мың тегені құрап отыр
413- материалдық базасын нығайтуға автокөліке 6 (3млн автокөлік,3млн тенге кітаптар фондысын толықтыруға 14437 млн. теңге бөлінді).
-Аудандық, ауылдық кітапханаларға
433- күрделі жұмыстарына 68млн 685 мың тенге
Талдықорған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстарына 64005 теңге, Қарасай ауданының кітапханасының шатырын жөндеуге 4 млн. 680 теңге.
Облыстық бюджеттен 106 млн 411 мың теңге бөлініп төмендегі музейлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1.Кербұлақ ауданы Шанханай ауылындағы Ш. Уалиханов мемориалды музейіне.-50882 теңге
2.Сарқан ауданы Қойлық ауылындағы «Черкасская оборона» мемориалды музейінің сметалық жобасын жасауға 2500,0 теңге бөлінді.
3. Жаркент қаласындағы жаңадан ашылған «Жауынгерлік Данқ» музейіне 8937,0-теңге бөлінді.
Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы М.Мақатаевтың музейінің күрделі жөндеу жұмыстарына қосымша 44 млн.092 мың теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 100 мың теңге бөлініп игерілді.
Сонымен қатар театрға, филармонияға автокөлік алу үшін 37 млн 500 мың теңге бөлінді.
Дыбыс, жарық жабдықтарын алу үшін Алматы облыстық халықтық шығармашылығы орталығына 28 млн 395 мың теңге, И. Жасүгіров атындағы Мәдениет сарайына 27 млн 090,0 мың тенге бөлінді.
Музейлерге экспонаттарды толықтыру үшін 7 млн теңге бөлінді.
Шешімін таппаған мәселелер:
-Театрдың жаңа ғимаратын салу;
-Жас кадрларды тәжірибе алмасу үшін отандық және шетелдік үлкен театрларға жіберіп тұру;
-Сүйінбай атындағы филармонияның жеке ғимаратының жоқтығы;
-Тарихи - мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығын жеке ғимаратқа орналастыру;
-Қысқы маусымға қажетті отын қорының көлемін арттыру;
-Мәдениет қызметкерлеріне коммуналдық пәтер бөлу.

Категория: Мәдени шаралар | Добавил: Загира (29.11.2011)
Просмотров: 2780 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Валюта
Поиск
Календарь
Рамблер ТОП100
Раскрутка сайта
 Бесплатная раскрутка сайта

Ожанова Загира
Конструктор сайтов - uCoz