Суббота, 05.10.2024, 08:06
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Ожанова Загира

Әлеуметтік сілтеме
Сауалнама
Адамның үстіндегі киімі көңіл-күйіне қатты әсер ете ме?
Всего ответов: 24
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Би өнері » Бидің денсаулыққа пайдасы

«ҚАРА ЖОРҒА» БИІ – НАҒЫЗ СПОРТ ТҮРІ

Қазір балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап ата-әжелерімізге дейін «Қара жорға» биін билеу дәстүрге айналып барады. Алайда, көпшіліктің делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын балалар біле бермейді. Ендеше, «Қара жорғаның» тарихына зер салайық... Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры береді. «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен.

Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған.

Ендеше балалар, сендер де ұлттық биімізҚара жорғаны» үйреніп алып, әрдайым билеп жүргендерің абзал. Осы биді билеу арқылы сендердің буындарыңа қан жүгіріп, денелерің шынығады. Өйткені, «Қара жорға»-би ғана емес, нағыз спорт түрі.

 
Категория: Бидің денсаулыққа пайдасы | Добавил: Загира (29.11.2011)
Просмотров: 3188 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Валюта
Поиск
Календарь
Рамблер ТОП100
Раскрутка сайта
 Бесплатная раскрутка сайта

Ожанова Загира
Конструктор сайтов - uCoz