Суббота, 05.10.2024, 08:13
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Ожанова Загира

Әлеуметтік сілтеме
Сауалнама
Қазақстанда зейнеткерлік жасын жасарту қайта қарала ма?
Всего ответов: 19
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Би өнері » Қазақ би тарландары

Қазақ биінің шырайы болған Шара Жиенқұлова жайында
Белгілі қазақ суретшісі Гүлфайруз Исмаилованың 1958 жылы салған "Қазақ вальсі" Шара Жиенқұлованың прототипі картинасы. Сурет Өнер мұражайындағы көрмеден түсірілді. Алматы, қазан, 2009 жыл.
12.11.2009
Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында біздің ауылға концерт қоюшылар жиі келетін. Бір күні ауыл клубы алдында "Шара Жиенқұлова-Жандарбекованың би концертіне шақырамыз” деген жарнама пайда болды. Хабарландыру қасына мың бұралған бишінің үлкен суреті ілінген екен.


Мектептен бірге қайтқан сыныптастар бәріміз ә дегеннен тани кеттік. "Мәдениет және тұрмыс”, "Қазақстан әйелдері” сияқты журналдар мұқабасында талай рет жарық көрген таныс бейне...

Үйге жетісімен, ауылға 2 күннен кейін концерттің келетіндігін айтып үлгердім. Нағашы әжем бірден қызығушылық танытып жатты.
Менің нағашы әжем Тұрайым Таубалдықызы өнер адамдары десе ішкен асын жерге қоятын кісі еді. "Ауылға әртіс кепті” дегенді естіді бітті бірден ауыл кеңсесіне қарай құстай ұшып, үйге солардың бірін қонақ етпекке ертіп келетін.

"Ән айтса да жанын жеп айтады ғой, байғұстар” дей жүріп, қолынан келгенінше әлгі қонақтарының бабын жасаушы еді. Бұл жолы да көп бөгелместен совхоз кеңсесіне жүгірген әжем:"Әртістердің бірін біздің үйге түсіретін болды” деп артынша мәз боп келді. Дәл кім екенін айтпапты.
Әртістердің бірін біздің үйге түсіретін болды” деп артынша мәз боп келді...


Содан арада екі күн өткенде, есігіміздің алдына әртістер мінген дәу аутобус тоқтап, ішінен басына шәлі салған бір апай түсіп жатты.

Ол кездері ауылдық жерлерде 5-6 бөлмелі шатырлы үйлердің әлі көбейе қоймаған кезі еді. Үш бөлмелі шағын үйдің төргі үлкен бөлмесі кішкентай қос құлыншағымен бірге аға-жеңгеме тиесілі болатын. Содан кейінгі үлкен бөлме әрі қонақ күтетін, әрі ата-әжеммен бірге демалатын, менің сабақ әзірлейтін ортақ мекеніміз еді. Тағы бір шағын бөлме ас әзірлейтін, тамақ ішетін, қажет кезде ұйықтайтын орынға айнала салатын әмбебап тұрақ болатын. Дереу аға-жеңгем қос сәбиімен сол әмбебап бөлмеге көшіп, төргі ең құрметті бөлмені әлгі шәлі жамылған апайға босатып берісті.

Қысқа сәлемдескеніміз болмаса, келген кісінің кім екенін әзірге біле алмай далмыз. Лезде ортаңғы қонақ бөлмеге дастарқан әзірлеу ісіне кірісіп кеттік. Бір кезде Ырысты жеңгем сәл аңырып тұрып қалып:

-Айтпақшы, бұл кісі де бізбен бірге дастарқанға отырғысы келмейтін шығар?-деп нағашы әжеме қайрылды. Көздерінен: "Қонақты шақырған сіз ғой, жай-жапсарын да сіз сұрасаңызшы” деген нағашы әжеме қаратыла айтылған сауал-өтініші байқалып тұрды. Бұлайша аңыруымыздың өзіндік себебі бар еді...

БАБЫ ҚИЫН ӘРТІСТЕР ДЕ КЕЛЕТІН

Осыдан біраз уақыт бұрын аулымызға Алматыдан әнші-домбырашы бір әйел жеке концертімен келген-ді. Ол жолы да Тұрайым әжемнің екі өкпесін қолына алып, ауыл кеңсесіне жетіп, ең басты қонақты біздің үйге алып келгені есімде. Қалған шашпауын көтерушілер мен көркемсөз оқушылары басқа үйлерге түскен екен.

Қазаққа тән қонақжай әдетімізбен дастарқан қамына кірісіп кеткен едік. Үлкен табақта қазы-қартасы меймілдеген қазақша ет дайын болған кезде, қонақ бөлмедегі жасаулы дастарқанымызға, яғни өз ортамызға әлгі әнші апамызды шақырмақшы боп, Ырысты жеңгем түкпіргі бөлмеге кіріп кеткен еді. Сәлден кейін өз-өзінен ыңғайсызданғандай күйде, жүзі алабұртып ол кісі қайта шықты.
 Тамақты бөлек ішемін, осы түкпір бөлмеге әкеп беріңдер...


"Тамақты бөлек ішемін, осы түкпір бөлмеге әкеп беріңдер” деп жатыр,- деді жеңгем. 

Сондағы таңқалысымызда шек болмағаны-ай... Былай қарағанда қазақтың қара домбырасын қолына ұстап, ән айтқан кісі халыққа жақын болса керек-ті. Алайда, ол кісі ауыл адамдарын менсіне бермейтінін біздің үйге тоқтаған сол 2-3 күн ішінде әбден-ақ аңғартты. Кешкілік концертіне барған едік. Үні де бір түрлі нәзіктіктен гөрі шіңкілдектікке жақындау болды ма, әйтеуір ауылдастарымыз аса қол соғып, құрмет көрсете қоймаған-ды. Енді міне "аузы күйген үрлеп ішеді” дегендей, бұл жолғы қонағымыз да сондай оқыс мінез көрсетпес пе екен? деп ыңғайсыз халде тұр едік...

Әжем жарықтық табиғатынан ақкөңіл, кейбір аңғал қылықтарымен елді күлкіге қарық етіп жүретін, сәл-пәл әпенді шалыстау кісі еді. Көп іркіліп жатпастан дереу төргі бөлменің есігін тықылдатты. Ар жақтан қонақ апайдың байсалды да майда қоңыр үні келді құлағыма:

-Тамақты бөлек ішкені несі? Әрине, сіздермен бірге бір дастарқаннан дәм татамын. Қазір, қазір... мына бір заттарымды жайғастырып алайын...
Категория: Қазақ би тарландары | Добавил: Загира (29.11.2011)
Просмотров: 1451 | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Валюта
Поиск
Календарь
Рамблер ТОП100
Раскрутка сайта
 Бесплатная раскрутка сайта

Ожанова Загира
Конструктор сайтов - uCoz