Тақырып: Тәуелдеулі зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты: 1) Зат есімнің тәуелдеулі түрінің түрленуін(септелуін)
меңгерту;
2) Бұрынғы білімін негізге ала отыра өз бетінше жаңа білім алу,
тұжырым жасауға дағдыландыру;
3) Қажымұқанның балуандық өнерімен таныстыру,спортқа деген сүйіспеншілік
тудыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: сөз әдісі,сұрақ-жауап,техникалық құрал
Оқыту формасы: топпен жұмыс,жеке жұмыс
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Қатысушы мұғалімдерді қарсы алу,топ міндетін айқындау,оқушыларға
сәттілік тілеу.
2.Жаңа сабаққа дайындық.
А) Интерактивті тақтадан Қ.Мұңайтпасовтың суретін көрсету арқылы балуан
туралы әңгіме қозғау, шағын мәтінмен таныстыру .
Ә)Танысқан шағын мәтін бойынша ойларында қалған сөйлемдерді дәптрлеріне
жаздырту,мәтінді қайта жаңғырту.
Б)Тақтада мына сөйлемдерді жаздырту арқылы мәтінді жалғастыру:
...Ипподромға халық жойқын көп жиналыпты. Трибунаның алдына балуандар
күресетін үлкен кілем жайылған.
(түсініксіз сөздер бойынша жұмыс
жүргізіледі:ипподром,жойқын,балуан,трибуна)
В) -лар, -ым, -ның –қосымшалары бойынша сұрақ-жауап жұмыс ын жүргізу:
1.Бұлар нелер?
2.Қайсысы қай жалғау түріне жатады? 3.Жалғаудың бұл түрлерінің қандай маңызы бар?
Осы пысықтаудан кейін тақтадағы сөйлемдер бойынша жұмыс
жалғастырылады.(зат есімдерді табу,жалғауларды ажырату)
3. Жаңа сабақ.
А) Сонымен біз кім туралы әңгіме қозғадық? Қажымұқан кім?(балуан сөзінің
мағынасын бекіту, септету)
Ә) 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Атау септік кім? Балуан кімім?балуаным балуаның балуаны
Ілік септік кімнің? Балуанның кімімнің?балуанымның
Барыс септік кімге? Балуанға кіміме?балуаныма
Табыс септік кімді? Балуанды кімімді?балуанымды
Жатыс септік кімде? Балуанда кімімде?балуанымда
Шығыс септік кімнен? Балуаннан кімімнен?балуанымнан
Көмектес септік кіммен? Балуанмен кіміммен?балуаныммен
Б) Осы септелу бойынша қорытынды жасату: тәуелдеулі зат есім де
септеледі.
В) Білімді бекіту: өзара сұрақ-жауап жасасу,мысалмен дәләлдеу
Г) Үйге тапсырма: Ана тілі оқулығынан 137-139-беттер, «Қажымұқан»
мәтінін оқып танысу,ерекше ұнаған сөйлемдерді көшіріп жазу және септеулі сөздерді табу. Д)Топ бойынша оқушы білімінің бағалануы